СОҢҒЫ
МАҚАЛАЛАР

Іс-шаралар Қытайдың Шет елдермен достық жөніндегі халықтық қоғамының делегациясымен кездесу

Қытайдың Шет елдермен достық жөніндегі халықтық қоғамының делегациясымен кездесу

2026 жылғы 5 наурызда Қытайдың Шетелдермен достық жөніндегі халықтық қоғамы делегациясымен Қытайды зерттеу орталығының директоры Г. Шаймергенованың кездесуі өтті. Делегацияны Еуропа және Орталық Азия департаменті басшысының орынбасары Чэнь Лэй басқарды.  Кездесуге сондай-ақ Қытайдың Шетелдермен достық жөніндегі халықтық қоғамының Еуропа және Орталық Азия департаменті бөлім меңгерушісі Хао Сяосун және аталған департаменттің қызметкері Цай Юньчжэ қатысты.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Қытай арасындағы гуманитарлық және сараптамалық ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын, сондай-ақ қоғамдық дипломатия, академиялық алмасулар және сарапшылық диалог салаларында бірлескен бастамаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін талқылады. Сонымен қатар екі елдің сараптамалық-талдау қауымдастықтары арасындағы өзара түсіністікті нығайтуда және әріптестік байланыстарды кеңейтуде Қытайды зерттеу орталығының рөліне ерекше назар аударылды.