СОҢҒЫ
МАҚАЛАЛАР

Қытай модернизациясын зерттеу орталығы

Басты Қытай модернизациясын зерттеу орталығы

Қытай модернизациясын зерттеу орталығы

Қытай модернизациясын зерттеу орталығы (Қазақстан) — Қазақстандағы Қытайды зерттеу орталығының базасында жұмыс істейтін халықаралық сараптамалық-талдамалық алаң. Орталық 2023 жылы CICG Center for Europe and Asia (China Pictorial Publications) ұйымымен бірлесіп құрылды. Оның негізгі мақсаты – Қытай модернизациясын, заманауи реформаларды, мемлекеттік басқару жүйесін және Қытай Халық Республикасының ұзақ мерзімді даму стратегияларын кешенді зерттеу.

Орталық ғылыми және қолданбалы зерттеулер жүргізеді, талдамалық материалдар әзірлейді, халықаралық конференциялар, сарапшылық диалогтар, дөңгелек үстелдер мен білім беру іс-шараларын ұйымдастырады, сондай-ақ Қазақстан, Қытай және басқа елдердің ғылыми-зерттеу ұйымдары, жоғары оқу орындары мен сараптамалық орталықтары арасындағы ынтымақтастықты дамытады.

Орталық қызметінде Қытай модернизациясының теориялық негіздері мен практикалық жүзеге асырылуын, мемлекеттік басқаруды, орнықты дамуды, инновациялық саясатты, цифрлық трансформацияны, жаһандық басқаруды және халықаралық ынтымақтастықты зерттеуге ерекше назар аударылады.

Орталық кәсіби пікір алмасу мен ғылыми ынтымақтастықты дамытуға ықпал ететін алаң ретінде қызмет етеді, Қазақстан мен Қытай арасындағы ғылыми байланыстарды нығайтуға, сондай-ақ ғылыми-зерттеу және гуманитарлық саладағы өзара түсіністік пен ынтымақтастықты тереңдетуге өз үлесін қосады.

Записей не найдено.