СОҢҒЫ
МАҚАЛАЛАР

БІЛІМ Қазақстанда Қытай университетінің жаңа филиалы ашылуда

Қазақстанда Қытай университетінің жаңа филиалы ашылуда

Бейжің, 2024 жылғы 14 наурыз – Бейжің тіл және мәдениет университетінде ҚР-дың ҚХР-дағы Елшілігінің қатысуымен «Астана» Халықаралық университетінің жанында Бейжің тіл және мәдениет университетінің филиалын ашу туралы келісімге қол қою рәсімі өтті.

 

Қытай университетінің филиалы Қазақстан мен Қытай арасындағы мәңгілік жан-жақты стратегиялық әріптестікті дамытуға қажет қытай тілі мен мәдениеті саласындағы мамандарды даярлайтын болады.

 

Филиал негізінде қытай тілін үйренетін студенттердің білімін тестілеу және бағалау бойынша «HSK Орталығы» (қытай тілін үйрену және тестілеу орталығы) жұмыс істейді. Сонымен қатар, студенттер қос дипломдық бағдарлама бойынша оқуға мүмкіндік алады.

 

Бейжің тіл және мәдениет университеті – ҚХР Білім министрлігі басқаруындағы Қытайдың ұлттық университеті. Университет гуманитарлық ғылымдар саласындағы Қытайдың жетекші білім беру мекемесі болып табылады. 60 жылдық тарихында университет 300 мыңға жуық шетелдік студенттерді дайындады.

 

Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшілігі