СОҢҒЫ
МАҚАЛАЛАР

Іс-шаралар Қытайды Зерттеу Орталығы Қазақстан мектеп оқушыларына Қытай әдебиетінің ғажайыптарын табыс етті!

Қытайды Зерттеу Орталығы Қазақстан мектеп оқушыларына Қытай әдебиетінің ғажайыптарын табыс етті!

Қазақстандағы Қытайды Зерттеу Орталығы Қытай Халық Республикасының шет тілдеріндегі әдебиеттерді басып шығару және тарату кеңсесі жанындағы Еуропа мен Азияға хабар тарату орталығымен (Халық Хуабао баспасы) ынтымақтасудағы маңызды кезеңді мақтанышпен хабарлайды.

 

Бұл бастама Қытайды Зерттеу Орталығы мен Халык Хуабао арасында бұрын қол қойылған ынтымақтастық туралы меморандумның нәтижесі болып табылады. Орталық Riviera International School by Quantum мектебіне бастауыш сыныптарға арналған қытай тіліндегі 23 атаудан астам балалар кітаптарын сыйға тартты.

 

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдың сәуір айында тараптар серіктестік орнату және ұзақ мерзімді және нәтижелі ынтымақтастықты дамыту мақсатында Меморандумға қол қойған болатын. Бұл өзара әрекеттестік Қазақстан балалары үшін қытай әдебиеті әлеміне есігін ашып, жаңа көкжиектерге ие болды.

 

Бірлескен бастама тілдік дағдыларды дамытып қана қоймай, терең мәдени түсінуге ықпал етеді. Қытай әдебиетімен кездесу біздің білім беру тәжірибемізді байланыстыратын және мәдени азықты байытатын көпірге айналады деген үмітте елордалық Ривьера Халықаралық Мектебіне тарту етілді.