СОҢҒЫ
МАҚАЛАЛАР

Қазақ тілі «ҚКП ОК 20 шақырылымының 4 Пленумының стратегиялық шешімдері: жаңғырту, реформалар, ашықтық»

«ҚКП ОК 20 шақырылымының 4 Пленумының стратегиялық шешімдері: жаңғырту, реформалар, ашықтық»

Қытайды Зерттеу Орталығы сіздерді «Қазіргі Қытай: сұрақтар мен жауаптар» сериясындағы семинарға қатысуға шақырады.


Семинар тақырыбы:
«ҚКП ОК ХХ шақырылымының IV Пленумының стратегиялық шешімдері: жаңғырту, реформалар, ашықтық»

Негізгі баяндама жасайды:
Қытай Халық Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі
мырза ХАНЬ ЧУНЬЛИНЬ

Семинарға мемлекеттік органдар өкілдері, ғылыми-сараптамалық қауымдастық пен бизнес орта өкілдері, БАҚ, сондай-ақ Қытай Халық Республикасында жүріп жатқан қазіргі өзгерістерді терең түсінуге мүдделі барлық тұлғалар шақырылады.

Алдағы іс-шара ҚКП ОК ХХ шақырылымының IV Пленумында қабылданған стратегиялық шешімдерге талдау жасауға арналған кәсіби алаңға айналады. Бұл шешімдер Қытайдың жаңғыру бағытын, реформаларды дәйекті ілгерілетуін және ашықтық саясатын жаңа деңгейде айқындайды. Семинар барысында аталған стратегиялық бағыттардың жаһандық үрдістерге және Қазақстан мен Қытай арасындағы екіжақты ынтымақтастық перспективаларына әсері талқыланады.

«Заманауи Қытай: сұрақтар мен жауаптар» сериясы кәсіби және ашық диалогты дамытуға, Қытайдың саясаты, экономикасы және халықаралық қызметіндегі үрдістерді терең түсіндіруге, сондай-ақ еліміз бен Қытай арасындағы өзара түсіністік пен сенімді нығайтуға бағытталған.

Сіздерді семинар қатысушыларының қатарынан көргенімізге қуанышты боламыз және пікірталас Қазақстан мен Қытай арасындағы сараптамалық диалогты тереңдетуге әрі ынтымақтастықтың жаңа сапасын қалыптастыруға үлес қосатынына сенімдіміз.

Өтетін күні мен уақыты: 18.11.2025, басталуы 10:00
Мекенжай: Астана қ., Сығанақ даңғылы, 45
Beijing Palace Soluxe Hotel Astana, Silk Way Hall

Алдын ала тіркелу міндетті. Орын саны шектеулі.
WhatsApp: +7 775 635 21 37
Email: info@chinastudies.kz