2025 жылғы 29 шілдеде Бейжің қаласында Қытай халықтарының шетелдік достық қауымдастығы мен Қытай жастар федерациясы бірігіп ұйымдастырған Жаһандық жастар бейбітшілік конференциясы өтті.
Конференция «Бейбітшілік үшін бірге» ұранымен өтіп, бес құрлықтағы 130-дан астам елден келген жас өкілдерді, сондай-ақ Қытайда оқып жүрген шетелдік студенттерді қоса алғанда, 3000-нан астам қатысушыны біріктірді.
Конференция аясында «Жастардың жаһандық бейбітшілік бастамасы» жарияланды — бұл әлем жастарының бейбітшілікке, өзара түсіністікке, орнықты даму, экологияны қорғау және мәдениетаралық диалогқа ұмтылысын білдіретін ұжымдық үндеуі. Құжат қақтығыстар, кедейшілік, климаттың өзгеруі және цифрлық теңсіздік сияқты жаһандық сын-қатерлер алдында ынтымақ пен бірліктің маңыздылығын атап көрсетеді.
Бастама 2025 жылғы қыркүйек айында Біріккен Ұлттар Ұйымына табыс етіледі.
Қытаймен достықты қолдайтын ұйым ретінде, Қытайды зерттеу орталығы Қазақстан жастарын бұл бастаманы қолдауға, оны әлеуметтік желілерде лайк, репост және онлайн-қолтаңбалар арқылы таратуға шақырады.
Қазақстан өзінің тәуелсіздік алған кезінен бері бейбітшілік, диалог және қарусыздану ұстанымын берік ұстанып келеді. Бүгінгі таңда еліміздің жастары жаһандық үдерістер мен бастамаларға белсенді араласуда. «Жастардың жаһандық бейбітшілік бастамасына» қосылу арқылы қазақстандық жастар өз ұстанымдарын білдіріп қана қоймай, әділ, қауіпсіз және тұрақты ортақ болашақты қалыптастыруға бағытталған халықаралық қозғалыстың бір бөлігіне айнала алады.
Бастама мәтінімен танысып, оған түрлі тілдерде (оның ішінде қазақ тілінде де) қолдау білдіру үшін келесі сілтемеге өтіңіз:
🔗 https://isd.pku.edu.cn/world-youth-peace-initiative/
Қытайды Зерттеу Орталығы