Кездесу барысында тараптар Қазақстан-Қытай ынтымақтастығын нығайтуға байланысты ауқымды мәселелерді талқылап, болашақтағы ықтимал ынтымақтастық бағыттарын белгіледі. Әсіресе, «Бір белдеу, бір жол» бастамасы аясындағы әріптестікті дамытуға, оның ішінде жасыл экономика, өңірлік байланыс, мәдениет және жастар ынтымақтастығы салаларындағы жобаларға ерекше назар аударылды.
Кездесуге қатысушылар екіжақты қарым-қатынастардың қазіргі жағдайы мен перспективалары туралы пікір алмасты. Елші Қытайды зерттеу орталығының екі ел арасындағы халықтық дипломатияны нығайтудағы және өзара түсіністікті тереңдетудегі маңызды рөлін атап өтіп, достық және өзара тиімді байланыстарды дамытуға бағытталған бастамаларды қолдауға дайын екенін білдірді.
Өз кезегінде Гүлнар Шаймергенова жемісті ынтымақтастық үшін алғысын білдіріп, сенім мен ашық диалогты нығайтудың ортақ бастамаларды жүзеге асырудың негізгі іргетасы екенін атап өтті.
Кездесу өзара құрмет және серіктестікті кеңейтуге деген ортақ ұмтылыс аясында өтті, бұл Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынастардың стратегиялық маңызын тағы бір мәрте растады.