Қасым-Жомарт Тоқаев барлық қазақстандықтардың атынан және жеке өзінің атынан Си Цзиньпин мен қытай халқына Қытай Халық Республикасының 75 жылдығымен құттықтады.
Құттықтау хатында мемлекет басшысы бұл күнді елдің бірлігі мен тұтастығының символы деп атады. Сондай-ақ, ол Қытайдың әлемдік лидер ретінде жаһандық тұрақты даму, халықаралық тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге үлкен үлес қосып отырғанын атап өтті.
Президент Қазақстан мен Қытай арасындағы көпқырлы ынтымақтастықтың жан-жақты стратегиялық серіктестік рухында динамикалық дамып келе жатқанын атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел арасындағы өзгермейтін достық пен көршілікке негізделген қарым-қатынастардың алдағы уақытта да екі халықтың игілігі үшін нығая беретініне сенім білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпинге оның жауапты қызметінде жетістіктер тілеп, достас Қытай халқына гүлдену мен бейбітшілік тіледі.
дереккөз: t.me/aqorda_resmi