СОҢҒЫ
МАҚАЛАЛАР

Саясат Қытай Төрағасы Си АҚШ Президенті Джо Байденмен кездесті.

Қытай Төрағасы Си АҚШ Президенті Джо Байденмен кездесті.

17.11.2023
Қытай төрағасы Си Цзиньпин АҚШ президенті Джо Байденмен АҚШ-тың Калифорния штатындағы Филоли үйінде кездесті. 15 қараша, 2023 жыл.

Қытай Төрағасы Си Цзиньпин мен АҚШ Президенті Джо Байден сәрсенбі күні Қытай-АҚШ бағыты үшін маңызды стратегиялық қарым-қатынастар мен әлемдік бейбітшілік пен дамуға әсер ететін негізгі мәселелер бойынша ашық әрі терең пікір алмасты.

Кездесу Калифорния штатындағы Сан-Францискодан оңтүстікке қарай 40 км жерде орналасқан Филоли саяжайында өтті. Байден Сиді Филоли саяжайына келгенде жылы қабылдады.

Бүгінгі әлем ғасыр көрмеген терең өзгерістерді бастан кешіріп жатқанын атап өтіп, Си Цзиньпин. Қытай мен Америка Құрама Штаттарының алдында екі жол бар екенін айтты: бірі – ынтымақтастық пен серіктестікті күшейту, жаһандық сын-қатерлерге қарсы тұру және жаһандық өркендеуді ілгерілету; ал екіншісі – антагонистік қарқында, бақталастық пен текетірес тудыра, әлемді дүрбелең мен алауыздыққа апару болып отыр.

Екі таңдау адамзат пен жер планетасының болашағын шешетін екі түрлі бағытты көрсетеді, деді ол. Қытай мен АҚШ қатынасы, әлемдегі ең маңызды екіжақты қарым-қатынас болып табылатын қарым-қатынас болып, осы кең контексте қабылдануы  тиіс екендігін жеткізді.

Қытай мен Америка Құрама Штаттары үшін бір-бірінен бет бұру мүмкін емес, деп атап өтті Си, бір тараптың екіншісін өзгерте алатыны шындыққа жанаспайды, ал қақтығыстар мен текетірес екі тарап үшін де төзгісіз салдарларға әкелетіні хақ.

Си Қытай модернизациясының маңызды ерекшеліктеріне және оның маңыздылығына, Қытайдың даму болашағына және оның стратегиялық ниетіне тоқталып, Қытайдың дамуы оның өзіне тән логикасы мен қарқынына негізделгенін атап өтті.

Қытайдың модернизациясы арқылы Қытай ұлтының барлық жағынан ұлы жаңғыруына ықпал етіп жатқанын атап өткен Си, бұл елдің ескі отарлау және тонау жолына түспейтінін немесе күшейіп келе жатқан гегемонияны іздеудің бұрыс жолына түспейтінін айтып, оның идеологиясын экспорттамайтының айтты, сондай-ақ Америка Құрама Штаттарынан асып түсу немесе одан жығу жоспары жоқ екенін де атап өтті. Сол сияқты, Америка Құрама Штаттары Қытайды басып-жаншуға және кері ұстауға тырыспауы керек, деп қосты ол.
Қытай төрағасы өзара сыйластық, бейбіт қатар өмір сүру және ұтысқа ие ынтымақтастық  негізде Қытай мен АҚШ-тың 50 жылдық тәжірибесінен алынған сабақ екенін атап көрсетті.

Сан-Францискода Қытай мен Америка Құрама Штаттары жаңа көзқарасты қабылдап, Қытай-АҚШ үшін бес тірек құруы керектігіне аса мән берді.
Қытай Америка Құрама Штаттарымен тұрақты, салауатты және ұдайы қарым-қатынас орнатуға ұмтылады және Қытайдың қорғалуы керек мүдделерді, сақталуы керек принциптері және қиылыспауы керек қызыл межелері бар екендігін де, жеткізді Си.

Қытай мен АҚШ келіспеушіліктерді тиімді шешуі керек, деді Си. Келіспеушіліктер екі елді бір-бірінен алшақтататын шұңқыр болмауы керек, деп баса айтты ол, оның орнына екі тарап бір-біріне қарай жүруге ұтымды көпір салудың жолдарын іздеулері керек.

Олардың бір-бірінің ұстанымдары мен қызыл межелерін бағалай білуі, алаяқтықтан, арандатушылықтан және бұл сезімтал межелерді кесіп өтуден аулақ болу маңызды, деді Қытай Төрағасы.

Олар көбірек қарым-қатынас орнатып, көбірек диалогтар мен кеңестер жүргізіп, келіспеушіліктерді, сондай-ақ апаттарды сабырмен шешуі керектігін атап өтті Си.

Екі елдің экономика, сауда және ауыл шаруашылығы сияқты дәстүрлі салалар, сондай-ақ климаттың өзгеруі және жасанды интеллект сияқты дамып келе жатқан салаларын қоса алғанда, кең ауқымдағы ортақ мүдделері бар салаларда жұмыс атқару керектігін жеткізді.

Қазіргі жағдайда екі елдің ортақ мүддесі кеміген жоқ, керісінше арта түсуде, деді Си.

Сыртқы саясатта, экономикада, қаржыда, коммерцияда, ауыл шаруашылығында және басқа да салаларда қалпына келтірілген және жаңа тетіктерді толық пайдалану, есірткіге қарсы күрес, сот және құқық қорғау қызметі, жасанды интеллект, ғылым мен технология сияқты салаларда ынтымақтастықты жүзеге асыру маңызды, – деді ол.

Си Цзиньпин сонымен қатар Қытай мен Америка Құрама Штаттарын ірі көшбасшы елдер ретінде ортақ жауапкершілікке шақырды. Си Цзиньпиннің айтуынша, адамзат қоғамының алдында тұрған мәселелерді ірі елдер арасындағы ынтымақтастықсыз шешу мүмкін емес.

Қытай мен Америка Құрама Штаттары үлгі көрсетіп, халықаралық және аймақтық мәселелер бойынша үйлестіру мен ынтымақтастықты күшейтіп, әлемге көбірек қоғамдық игіліктер беруі керек деді.

Екі тарап өз бастамаларын бір-біріне ашық ұстауы керек немесе оларды үйлестіріп, синергия үшін біріктіріп, әлемге пайдалы болуы керек, деп қосты Си.

Сонымен қатар Қытай төрағасы Қытай мен Америка Құрама Штаттарын адами капитал арасындағы алмасуды бірлесіп дамытуға шақырды. Екі жақ әуе рейстерін арттыру, туристік ынтымақтастықты ілгерілету, субұлттық алмасуларды кеңейту, білім беру саласындағы ынтымақтастықты және мүгедектерге қатысты істер бойынша ынтымақтастықты нығайту, немесе кедергі келтіретін жағымсыз факторларды азайту және өз халқының арасындағы көбірек қарым-қатынас пен байланысты ынталандыру және қолдау қажеттігін аса атап өтті.
Си Қытайдың Тайвань мәселесіне қатысты ұстанымына да тоқталды. Ол Тайвань мәселесі Қытай мен АҚШ арасындағы ең маңызды және ең нәзік мәселе болып қала беретінін атап өтті. Қытай Балидегі кездесуде Америка Құрама Штаттарының оң мәлімдемелерін байыппен қабылдайды, деп қосты ол, АҚШ тарапы «Тайвань тәуелсіздігін» қолдамау, Тайваньға қару-жарақ беруді тоқтату және Қытайдың бейбіт жолмен бірігуін қолдау жөніндегі өз міндеттемелерін орындау үшін нақты әрекеттер жасауы керек екендігін ортаға салды.

Си АҚШ-тың Қытайға қарсы экспорттық бақылау, инвестицияны тексеру және біржақты санкцияларға қатысты әрекеттері Қытайдың заңды мүдделеріне елеулі түрде нұқсан келтіретініне назар аударды. Қытайдың дамуы инновацияларға негізделгенін атап өтіп, ол Қытайдың технологиялық прогресін тұншықтыру Қытайдың сапалы дамуын тежеу және Қытай халқын даму құқығынан айыру әрекетінен басқа ештеңе емес деп санайды.

Қытайдың өзіндік логикасына негізделген дамуы мен өсуін сыртқы күштер тоқтатпайды, деп жалғастырды Си Цзиньпин: «АҚШ тарапы Қытайдың алаңдаушылығын байыппен қабылдап, біржақты санкцияларды алып тастау үшін нақты қадамдар жасайды деп үміттенемін. Қытайлық бизнес үшін тең, әділ және кемсітпейтін орта».

Америка Құрама Штаттары мен Қытай экономикалық жағынан бір-біріне тәуелді, деді ол, Америка Құрама Штаттары Қытайдың дамуы мен өркендеуіне қуанышты және Қытайдың экономикалық дамуын тоқтатуға немесе Қытайды шектеуге, сондай-ақ Қытаймен «байланысты жоюға» ұмтылуға ниеті жоқ екенін атап өтті.  

Екі ел басшылары Қытай мен АҚШ-қа қатысты принциптерді дамытуды талқылау үшін өздерінің өкілдеріне нұсқаулар беріп күш-жігерлерін мойындады.

Олар барлық елдердің бір-біріне құрметпен қарауының және бір-бірімен тату-тәтті өмір сүрудің жолын табуының, сондай-ақ ашық байланыс желілерін сақтаудың, қақтығыстардың алдын алуын, БҰҰ Жарғысын сақтаудың, ортақ мүдделер салаларында ынтымақтасудың және бәсекеге қабілеттілікті жауапкершілікпен басқарудың маңыздылығын атап өтті.

Жасанды интеллект мәселелері бойынша үкімет келіссөздері және есірткіге қарсы ынтымақтастық бойынша жұмыс тобын құру мәселелері талқыланды. Олар теңдік пен құрмет негізінде екі әскер, Қытай мен АҚШ арасындағы жоғары деңгейдегі байланысты қалпына келтіруге келісті. Қорғаныс саясатын үйлестіру мақсатында келіссөздері мен  әскери теңіз консультативтік келісімі бойынша кездесулер және әскери командирлері арасында телефон арқылы байланыстар орнатуға келісті.

Сондай-ақ олар келер жылдың басында жоспарлы жолаушылар рейсін одан әрі ұлғайту бағытында жұмыс істеуге сондай-ақ білім беру, шетелдегі студенттер, жастар, мәдениет, спорт және бизнес-қоғамдастықтар арасындағы түрлі екіжақты алмасуларды кеңейтуге келісті.

Екі көшбасшы осы маңызды онжылдықта климаттық дағдарыспен күресу бойынша күш-жігерді жеделдету үшін бірлесіп жұмыс істеудің маңыздылығын атап өтті. Келіссөздерден кейін Байден Си Цзиньпинге түскі ас беріп, екі мемлекет басшылары палестиналық-израильдік қақтығыс сияқты ортақ алаңдаушылық тудыратын халықаралық және аймақтық мәселелер бойынша пікір алмасты.

Байден сонымен қатар Сиді Филоли саяжайында серуендеуге шақырды және қоштасу үшін Сиді көлігіне дейін шығарып салды.

Кездесу оң нақышта, жан-жақты және сындарлы өтіп,  Қытай-АҚШ қарым-қатынастарын жақсарту және дамыту бағытын жаңа деңгейге көтерді. Сан-Франциско Қытай-АҚШ қарым-қатынастарын тұрақтандырудың жаңа бастау көзі болуы керек.

Екі көшбасшы өз өклдеріне Балиде қол жеткізілген түсіністіктерді нығайтуды және Сан-Францискода келісілген жаңа көзқарасты уақтылы жалғастыруды және жүзеге асыруды тапсырды. Олар тұрақты байланыста болуға келісті.

Жоғарыда аталған іс-шараларға Қытайдың жоғары лауазымды шенеуніктері Цай Ци мен Ван И қатысты.

Синьхуа. Жао Аймин.

Дереккөз: https://mp.weixin.qq.com/s/garVPYwUt_1jnIZPJci7wA