Қытайды зерттеу орталығы ҚХР-дың Қазақстандағы Елшілігіне ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің іргелі еңбектерін сыйға тартқаны үшін шынайы алғыс білдіреді. Бұл кітаптар Қытай саясатын, стратегиялық бастамаларды және жаһандық даму тұжырымдамасын терең зерттеу үшін құнды материал болып табылады.
Сыйға мына басылымдар берілді:
-«Си Цзиньпин мемлекеттік басқару туралы» (I-IV томдар) – реформалар мен ашықтықтың рөлі, сондай-ақ жаңа дәуірдегі Қытай дамуының негізгі қағидаттары қамтылған бағдарламалық баяндамалар мен мақалалар жинағы.
-«Си Цзиньпин шығармаларынан таңдамалы материалдар» (I-II томдар) – әлемнің қазіргі жағдайы, Қытайдың ішкі және сыртқы саясаты туралы ҚХР Төрағасының көзқарастарын қамтитын маңызды еңбектерден үзінділер жинағы.
-«Бір белдеу, бір жол» – елдер арасындағы инфрақұрылымдық, сауда-экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған Қытайдың ең ірі жаһандық бастамасына арналған негізгі басылым.
-«Си Цзиньпин қытайлық жаңғырту туралы» – Қытайдың тарихи және мәдени ерекшеліктеріне негізделген жаңғырту үлгісінің мақсаттары мен механизмдері егжей-тегжейлі баяндалған еңбек.
Бұл кітаптар Қытайдың қазіргі әлемнің қалыптасуына ықпал ететін негізгі саяси қағидаттарын түсінуге мүмкіндік береді. Олардың ішінде ең маңызды бастамалардың бірі – «Бір белдеу, бір жол», оны Си Цзиньпин XVIII ҚКП құрылтайынан кейін ұсынды. Бұл бастама кең халықаралық қолдауға ие болып, жаһандық дамудың маңызды факторы ретінде танылды.
Қазақстан бұл бастаманы жүзеге асыруда ерекше орын алады, өйткені дәл Астанада 2013 жылы ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин «Жібек жолының экономикалық белдеуі» тұжырымдамасын алғаш рет жариялады. Кейінгі жылдары Қазақстан Қытайдың сенімді серіктесіне айналып, көлік дәліздерін дамытуға, энергетикалық ынтымақтастықты нығайтуға, цифрлық трансформация мен жасыл экономикаға белсенді қатысуда.
Бұл еңбектер оқырмандарға Қытайдың стратегиялық көзқарасын, Еуразияның дамуы мен Қазақстанның рөлін тереңірек түсінуге көмектеседі. Олар зерттеушілер, сарапшылар, мемлекеттік қайраткерлер және жаһандық дамудың болашағына қызығушылық танытатындардың барлығы үшін таптырмас білім көзіне айналады.