12.10.2022
Кітап XX–XXI ғасырлар тоғысының отыз жылдығындағы қазақ-қытай қатынастарының орнығуы мен дамуын жан-жақты сипаттайды. Қытай Қазақстанның азаттығы мен егемендігін, аумақтық тұтастығын мойындаған алғашқы шет мемлекеттердің бірі болды. Үлгіге айналған дипломатиялық қарым-қатынасты орнатқалы қос елдің көшбасшылары мәңгілік жан-жақты стратегиялық әріптестіктің жаңа кезеңіне көшті. Қос халықтың терең тарихи байланысы, достыққа негізделген саяси қарым-қатынасы, өзара түсіністігі мен прагматикалық ынтымақтастығы бүгінде Қазақстан мен Қытайдың екіжақты қарым-қатынасын тиімді де жемісті дамытуға қолайлы негіз болды.
Мерейтойлық басылым қазақ-қытай қарым-қатынасының отыз жылдағы даму серпінін, мазмұны мен жетістіктерін толық бейнелейтін сараптамалықанықтамалық ақпаратты, сондай-ақ архив пен фотохроника материалдарының кең ауқымын қамтиды. Кітап дипломаттарға, халықаралық қатынастар саласындағы мамандар мен студенттерге, Қазақстан Республикасының заманауи сыртқы саясаты мен Қазақстан-Қытай қарым-қатынасының дамуына қызығушылық танытатын оқырмандарға арналған.
ҚХР-дағы ҚР Елшілігі
ҚР-дағы ҚХР Елшілігі
Нұр-Сұлтан қаласындағы Қытайды зерттеу орталығы
Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 30 жылдығына арналады
Т.Т. Шаймергеновтің жалпы редакциясымен