Аналитика бөлімінде Орталықтың Заманауи Қытай, Қытайдың Қазақстанмен және Орталық Азия елдерімен қарым-қатынасы, «Белдеу және жол» бастамасы және Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы аясындағы халықаралық ынтымақтастық туралы талдамалық мақалалары ұсынылған.
Макроөңірлік деңгейде өсіп келе жатқан Қытай Жібек жолын қайта жандандыру идеялары бойынша «Белдеу және жол» бастамасында тұжырымдалған жаңа бағдарламалық және тұжырымдамалық тәсілге негізделген дамудың жаңа саясатын жүзеге асыруда. Тарихи сауда жолдары бойынша ынтымақтастық қазіргі Қытайдың дамуы үшін императивке айналды, ол 150-ден астам мемлекеттің біртұтас жаһандық экономикалық, индустриялық, көліктік, инновациялық, гуманитарлық кедергісіз желісіне біріктірілді. Бүгінде қайта құрылып жатқан Ұлы Жібек жолы жаһандық ауқымда бұрыннан келе жатқан геоэконогиялық тәртіпті өзгертеді, жаһанданудың жаңа, анағұрлым тиімді моделінің прототипін білдіреді және халықаралық ынтымақтастыққа қатысатын көптеген елдер үшін дамуға деген үмітті бейнелейді.
Жиырма жылдан астам уақыт бойы Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының (ШЫҰ) жетістігі конструктивті диалог факторына және полярлық мүдделерді ортақ бөліміне жеткізу мүмкіндігіне негізделді. Ұйым әрдайым тиімді өңірлік диалогтың символы ретінде позицияға ие болды. ШЫҰ-дағы және оның төңірегіндегі құрылымдық өзгерістер Ұйымның алдағы онжылдықтағы келешегін түбегейлі өзгертіп, басты назарды кеңейтілген Шанхай тобы жұмысының жаңа миссиясы мен алгоритмін іздеуге ығыстырып отыр. ШЫҰ-ның жаңа құрамы халықаралық позициялау мен ынтымақтастық үшін сапалы жаңа көкжиектер ашады.