Халықаралық ғылыми конференциясының баяндамалар жинағы 29.09.2021
2021 жылғы 29 қыркүйекте «Орталық Азиядағы энергетикалық Жібек жолы: мұнай-газ ынтымақтастығының қорытындылары мен болашағы» атты халықаралық конференция ұйымдастырылды. Іс-шараға Қазақстан, Қырғызстан, Қытай және Өзбекстан мемлекеттік органдарының, бизнес құрылымдарының, ми орталықтарының, университеттерінің өкілдері қатысты. Ғылыми пікірталасты ұйымдастыру бойынша Қазақстандағы Қытайды зерттеу орталығы және Интернационал ҚҰМК (Қытай Ұлттық Мұнай Корпорациясы) серіктестер болды.