СОҢҒЫ
МАҚАЛАЛАР

Іс-шаралар ҚЫТАЙ — ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ФОРУМЫ

ҚЫТАЙ — ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ФОРУМЫ

Қытайды зерттеу орталығының Директоры Қытай мен Орталық Азия арасындағы 11-ші ынтымақтастық форумына қатысты.

 

Нинся-Хуэй автономиялық ауданының халық үкіметі мен ШЫҰ-ның достық, тату көршілік және ынтымақтастық жөніндегі Қытай комитетінің шақыруымен Қытайды зерттеу орталығының директоры Г. Шаймергенова 2024 жылдың 25-28 қазан күндері Нинся-Хуэй автономиялық ауданының Иньчуань қаласында өткен Қытай — Орталық Азия ынтымақтастық форумының 11-отырысына қатысты.

 

Форумның тақырыбы — «Жасыл дамуды ілгерілетіп, көркем үйді бірге құру». Іс-шараның мақсаты — Орталық Азия елдері мен Қытай арасындағы достық алмасу мен тәжірибелік ынтымақтастықты жан-жақты тереңдету.

 

Форум жұмысы аясында төрт параллельді қосалқы форум өткізілді: – сауда және инвестициялар бойынша форумы;- заманауи ауыл шаруашылығы мен ғылыми-техникалық инновациялар форумы; – бауырлас қалалардың ынтымақтастығы және гуманитарлық алмасулар форумы; сондай-ақ –  аймақтық ынтымақтастық форумы.

 

Форумға Қытайдың бүкілқытайлық саяси консультативтік кеңесі төрағасының орынбасары Шэнь Юэюэ, Қытайдың Нинся-Хуэй автономиялық ауданы партия комитетінің хатшысы Ли Ифей, сондай-ақ Орталық Азия елдері мен Қытайдың жоғары лауазымды тұлғалары қатысты.

 

Форумға, сондай-ақ, Қытайда аккредиттелген Орталық Азия елдерінің елшілері мен дипломаттары, БАҚ өкілдері, Орталық Азия мен Қытайдың жетекші сарапшылар орталықтарының өкілдері, халықаралық ұйымдар, қауымдастықтар, жоғары оқу орындары мен кәсіпорындардың өкілдері қатысты.

 

Форум аясында Алматы облысы делегациясы мен Нинся-Хуэй автономиялық ауданы арасында достық қарым-қатынас орнату туралы меморандумға қол қойылды.

 

Қытай — Орталық Азия ынтымақтастық форумы Қытайдың бастамасымен 2012 жылы құрылды және ҚХР мен Орталық Азия елдері арасындағы көпжақты өзара іс-қимыл үшін платформа болып табылады.