СОҢҒЫ
МАҚАЛАЛАР

Іс-шаралар ҚАЗІРГІ ҚЫТАЙ: СҰРАҚТАР МЕН ЖАУАПТАР: «ТАҒДЫРЫ ОРТАҚТАСҚАН АДАМЗАТ ҚАУЫМДАСТЫҒЫ — ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚОҒАМНЫҢ КЕЛІСІМ КЕПІЛІ» СЕМИНАРЫ.

ҚАЗІРГІ ҚЫТАЙ: СҰРАҚТАР МЕН ЖАУАПТАР: «ТАҒДЫРЫ ОРТАҚТАСҚАН АДАМЗАТ ҚАУЫМДАСТЫҒЫ — ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚОҒАМНЫҢ КЕЛІСІМ КЕПІЛІ» СЕМИНАРЫ.

Іс-шараның өткізілу күні мен уақыты: 02.08.2024 ж. 13:00.

Іс-шараның өтетін орны: Астана қ. Бауыржан Момышұлы даңғылы 1/1 а Астана, Riviera International School.

 

2024 жылғы 2 тамыз күні, Қытайды зерттеу орталығы адамзат тағдыры ортақ қауымдастық тақырыбына арналған бірегей іс-шара – семинар ұйымдастыруда. Іс-шара Riviera International School халықаралық мектеп негізінде өтеді. Аталмыш іс-шараға отандық және шетелдің көрнекті мамандарды, академиялық және ғылыми орталықтардың өкілдерін қатысады.

 

Семинар әділетті әлемдік тәртіп құрудағы бейбіт бастамалар, екі елдің білім беру және денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастығы, экономикалық ынтымақтастық перспективалары сияқты негізгі мәселелерді талқылауға алаң болса керек. Шара барысында қатысушылар мемлекетаралық қатынастардың тиімді тетіктерін және осы үдерістегі Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) рөлін қарастырады. Жаһандық сауданы дамыту белдеуі ретінде ШЫҰ кеңістігіне, сондай-ақ Қытай мен Орталық Азия елдері арасындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастық жобасы ретінде С+ С5 форматына ерекше назар аударылады деп күтілуде.

 

Сонымен қатар тең және реттелген көпполярлы әлемді құруға, сондай-ақ жаһандық басқаруды неғұрлым әділ және ұтымды дамуға қарай ілгерілетуге қатысты тақырыптарды қамтитын баяндамалар ортаға салынады.

 

Осылайша, Қытайды зерттеу орталығы барлық мүдделі тұлғаларды маңызды іс-шарамызға қатысуға шақырады