СОҢҒЫ
МАҚАЛАЛАР

Іс-шаралар ҚЫТАЙДЫҢ ЖЕТЕКШІ ЦИНХУА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЖАС ҒАЛЫМДАРЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАНҒА САПАРЫ.

ҚЫТАЙДЫҢ ЖЕТЕКШІ ЦИНХУА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЖАС ҒАЛЫМДАРЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАНҒА САПАРЫ.

23-ші Шілде күні Қытайды зерттеу орталығы (Астана) қытайдың жетекші Цинхуа университетінің біртоп жас ғалымдар делегациясын қарсы алды. Сапар Қытай мен Қазақстан арасындағы ғылыми алмасу аясында өтті, бұл бірлескен зерттеулер мен білім алмасуға, сондай-ақ «Бір белдеу, бір жол» бастамасы аясындағы перспективаларды зерделеуге қызығушылықтың артып келе жатқанын растайды. 10 адамнан тұратын делегацияны органикалық жартылай өткізгіштер саласындағы танымал сарапшы, құрметті доктор Дуан Лей бастап келді.

 

Сапар барысында Орталық директоры Гүлнәр Шаймергенова тәлімгерлер мен докторантура студенттерін қабылдады. Қонақтарға Орталықтың тарихы, мақсаттары мен міндеттірі туралы егжей-тегжейлі айтып, таныстыру экскурсиясын өткізді. Директор ғылыми саладағы халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығына тоқталып, тараптар арасындағы байланыстың одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.

 

Қытайды зерттеу орталығының директоры Қазақстан туралы білімді өзара тереңдетуге ықпал ететін конференциялар, семинарлар және лекциялар сияқты өткізілген іс-шаралар туралы баяндап Орталық қызметі туралы әңгімеге өрбітті. Сондай-ақ ол студенттер мен жас ғалымдардың кәсіби өсуі мен дамуы үшін осындай іс-шараларға қатысуының маңыздылығын ерекше атап өтті. Болашақ ғалымдар Қазақстанның астанасы, жалпы оның ғылыми әлеуеті туралы өз әсерлерімен бөлісті.