СОҢҒЫ
МАҚАЛАЛАР

Іс-шаралар Астанада Қытайды зерттеу орталығы (Қазақстан) мен Қытай Халық Республикасының Нинся-Хуэй автономиялық ауданы Халықтық-саяси консультативтік кеңесінің делегаттары арасында кездесу өтті

Астанада Қытайды зерттеу орталығы (Қазақстан) мен Қытай Халық Республикасының Нинся-Хуэй автономиялық ауданы Халықтық-саяси консультативтік кеңесінің делегаттары арасында кездесу өтті

09.11.2023
2023 жылғы 9 қарашада Бейжің Палас қонақ үйінде Қытайды зерттеу орталығы (Қазақстан) өкілдерінің Қытай Халық Республикасының Нинся-Хуэй автономиялық ауданы Халықтық-саяси консультативтік кеңесінің делегаттарымен кездесуі өтті. Бұл айтулы оқиға екі ел арасында өзара түсіністік пен ынтымақтастықты ілгерілететін тығыз байланыс пен диалогтың орнығуымен ерекшеленді.
Қытай Халық Республикасының Нинся-Хуэй автономиялық ауданының делегациясы келесідей тізімде қатысты:
1. Чен Ён мырза – Нинся-Хуэй автономиялық ауданы халықтық саяси консультативтік кеңесінің Төрағасы.
2. Цао Жибин Бас хатшы.
3. Ма Бо Нинся-Хуэй автономиялық ауданы халықтық саяси консультативтік кеңесінің ауыл шаруашылығы және ауыл істері комитетінің Бас директоры.
4. Бай Юйчжэнь Нинся-Хуэй автономиялық ауданы Сыртқы істер басқармасының Бас директоры.
5. Сун Цзе. Азия және Африка елдері департаментінің Директоры. Нинся-Хуэй автономиялық ауданының сыртқы істер басқармасы.
Кездесу Қазақстан-Қытай өзара іс-қимылының түрлі аспектілері бойынша пікір және тәжірибе алмасу үшін жемісті алаң болды. Шара барысында делегаттар мәдени-ағарту, сауда-экономикалық қарым-қатынастарды дамыту перспективаларын ортаға салып, сондай-ақ екіжақты мүдделерді үйлестіру жөнінде пікір алмасты.
Қонақтар алдында сөз сөйлеген Қытайды зерттеу орталығының Директоры Гүлнәр Шаймергенова Қазақстан мен Қытай арасындағы достық пен өзара түсіністікті нығайтудың маңыздылығын тілге тиек етіп, Қазақстан мен Қытайдың білім беруден бастап сауда мен мәдениет саласына дейінгі салалардағы ынтымақтастықтың келешегі кең екеніне тоқталды.
«Қытай мен Қазақстан ландшафты, географиялық және гуманитарлық ғылымдар жағынан бір-біріне жақын. Ежелгі «Жібек жолынан», немесе «Бір белдеу, бір жол» дейінгі 2000 жылдан астам уақытты қамтитын әрекеттесу тарихы бар, ірі ортақ шекарасы және өзара Қазақстан мен Қытай арасында өте терең байланыс бар, сонымен қатар тату көршілік пен өзара тиімділіктің үлгісі де орын алып отыр. «Бір белдеу, бір жол» бастамасы жүзеге асырылғалы бері өткен 10 жыл ішінде екі ел, Қытай мен Қазақстан арасындағы жалғасып келе жатқан жан-жақты стратегиялық серіктестігі де тереңдей түсті.
Мемлекет басшыларының дипломатиясы мен ұрпақтар достығына, жоғары дәрежедегі өзара сенім мен өзара ынтымақтастыққа негізделген қытай-қазақ тағдыры қауымдастығын құруға ұмтылу да тағы бар. Делегация басшысы ретінде мен Қазақстанға келдім және бүгін көріп отырғанымдай, біз екі елдің Мемлекет басшыларының маңызды консенсусын жүзеге асыруымыз керек, алға қойылған міндеттерді орындауымыз керек», – деп атап өтті Нинся-Хуэй автономиялық ауданы халықтық саяси консультативтік кеңесінің Төрағасы Чен Ён мырза өз сөзінде.
Бұл ретте Нинся-Хуэй автономиялық ауданынан келген делегаттар қазақстандық компаниялармен ынтымақтастықты тереңдетуге дайын екендіктерін айтып, менеджмент пен әлеуметтік және ауылшаруашылық бастамалар бойынша тәжірибе алмасудың маңыздылығын ерекше атап өтті.
Екі ел арасындағы мәдени, сондай-ақ ауыл шаруашылығы саласындағы байланыстарды дамытуға ерекше көңіл бөлінді. Тараптар бауырлас қалалар арасындағы өзара түсіністікті тереңдету және достықты нығайту үшін мәдени іс-шараларды зерттеу, өнер көрмелерімен алмасу және мәдени бағдарламалар ұйымдастыру мүмкіндіктерін талқылады.
Кездесу соңында естелік топтық фотосуретке түсіп, Нинся-Хуэй автономиялық ауданының Төрағасы Чен Ён мырза салтанатты түрде Қытайды зерттек орталығының құрметті қонақтарының тілек-кітабына өз тілегін қалдырды. Тараптар арасындағы әр түрлі салалардағы ынтымақтастық пен тәжірибе алмасуды одан әрі дамыту мәселелері ашық күйінде қалып отыр, алайда бүгінде өңірлерді жақындастырудың алғашқы қадамдары жасалды деп толық негізбен айта аламыз.
Екі тарап өкілдері бұл шара Қазақстан-Қытай қарым-қатынастары тарихындағы жаңа кезең болып, болашақта елдер арасындағы әріптестікті тереңдетуге септігін тигізетініне сенім білдірді.
Естеріңізге сала кетейік, кездесу Бейжің палас Астана қонақүй кешенінде оырын алып, ынтымақтастық әлеуетін зерделеу аясында өзара әрекеттесуге ұмтылудың жарқын мысалы бола алды.