СОҢҒЫ
МАҚАЛАЛАР

Іс-шаралар ҚЫТАЙДЫҢ РЕФОРМАСЫ МЕН АШЫҚТЫҚТЫҢ 45 ЖЫЛДЫҒЫ: ҚЫТАЙ МЕН ӘЛЕМ ҮШІН САЛДАР

ҚЫТАЙДЫҢ РЕФОРМАСЫ МЕН АШЫҚТЫҚТЫҢ 45 ЖЫЛДЫҒЫ: ҚЫТАЙ МЕН ӘЛЕМ ҮШІН САЛДАР

14.12.2023
«ҚЫТАЙДЫҢ РЕФОРМАСЫ МЕН АШЫҚТЫҚТЫҢ 45 ЖЫЛДЫҒЫ: ҚЫТАЙ МЕН ӘЛЕМ ҮШІН САЛДАР»

«Қазіргі Қытай: сұрақтар мен жауаптар»

2023 жылы Қытайдағы реформалар мен ашылу саясатына 45 жыл толады.Астанадағы Қытайды зерттеу орталығы сіздерді семинарға шақырады. Іс-шара 2023 жылдың 15 желтоқсанында Бейжің Палас Soluxe Hotel Astana қонақүй ғимаратында өткізіледі.

Бүгінгі таңда реформалар мен ашықтық саясатын ұстану дәуіріндегі жан-жақты серіктестік орнату өте маңызды. Реформалар мен ашықтық саясатына байланысты қарқынды экономикалық өсу мен әлеуметтік өзгерістер Қытайды Қазақстан үшін маңызды стратегиялық серіктеске айналдырды. «Бір белдеу, бір жол» бастамасы аясында екі ел де белсенді ынтымақтастықта әрі өзара дамудың бірегей мүмкіндіктерін ұсынып келеді. Қытай энергетика мен көлік сияқты негізгі салаларға инвестиция құйып, Қазақстанның ең ірі сауда серіктесіне айналды. Бұл ынтымақтастық қазақстандық экономиканы жаңғыртуға елеулі үлес қосып, тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз етуде.

Макроөңірлік деңгейде өркендеп келе жатқан Қытай Жібек жолын жаңғырту идеялары бойынша «Бір белдеу, бір жол» бастамасында тұжырымдалған жаңа бағдарламалық және көзқарасқа негізделген жаңа көршілестік саясатын жүзеге асыруда. Тарихи сауда жолдары бойынша ынтымақтастық 130-дан астам мемлекетті біртұтас жаһандық экономикалық, өндірістік, көліктік, инновациялық және гуманитарлық кедергісіз желіге біріктірген қазіргі Қытайдың дамуы үшін императивті бола білді, ал оның жалпы құны 8 трлн. АҚГШ долларына жетіп отыр. Жаһандық ауқымда бүгінде қайта құрылып жатқан Ұлы Жібек жолы бұрыннан бар геоэкономикалық құрылымды өзгертіп, жаһанданудың жаңа, тиімдірек моделінің прототипі болып табылады және халықаралық конференцияға қатысатын көптеген елдер үшін даму үмітін білдіріп отыр.

1978 жылдан бастап Дэн Сяопиннің жетекшілігімен Қытай Коммунистік партиясының (ҚКП) прагматикалық бастамашы қанаты болған реформалар сәтті жалғасын табу үстінде. Басты мақсат – «Ұлы серпіліс» саясатының сәтсіздіктері мен Мао Цзэдун дәуіріндегі волюнтаристік шешімдердің зардаптарынан кейін дағдарыс шегіне жеткен Қытай экономикасын жаңғырту болса керек. Бастапқы мақсаттарға жұмысшыларды ынталандыру және экономикалық теңгерімсіздіктерді жою мәселелерін шешу кіріп отыр. Оң серпіліске белсенді түрде ұмтылған Қытай қазіргі заманның сын-қатерлеріне бейімделе отырып, реформалау жолын жалғастыруда.

Қытайдың реформалау және ашықтық саясаты жаһандық мәнге ие және Қазақстанмен ынтымақтастық осы стратегияның маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Екі ел де инфрақұрылым, сауда және инновация салаларындағы өзара тиімді жобаларды белсенді түрде ілгерілетуде. Бұл халықаралық экономикалық интеграцияны нығайтуға мүмкіндік беріп, тәжірибе мен технология алмасу үшін таптырмас алаң жасап отыр. Қытай мен Қазақстан ынтымақтастығы жаһандану жағдайында табысты өзара іс-қимылдың маңызды үлгісі болып табылады және Қытайдың жаңа көпполярлы әлемді қалыптастырудағы шешуші рөлін көрсетіп отыр.

Осылайша Қытайды зерттеу орталығы сіздерді «Қазіргі Қытай: сұрақтар мен жауаптар» семинарына қатысуға шақырады. Диалогқа қатысыңыз, Қазақстан мен Қытай арасындағы серіктестік, реформалар, жаңа мүмкіндіктер мен болашақ ынтымақтастық көздері туралы пікірталасқа қатысыңыз. Конференцияға қатысу қазіргі Қытайды, оның реформасы мен ашылуын терең түсіну, сондай-ақ болашақ ынтымақтастықтың жан-жақтылығын түсіну үшін таптырмас мүмкіндік.

Сізді жоспарланған конференцияға шақырамыз: ZOOM.

Тақырыбы: «ҚЫТАЙДЫҢ РЕФОРМАСЫ МЕН АШЫҚТЫҚТЫҢ 45 ЖЫЛДЫҒЫ: ҚЫТАЙ МЕН ӘЛЕМ ҮШІН САЛДАР»

Уақыты: 15 желтоқсан 2023 10:00

Zoom конференциясына кіру
https://us06web.zoom.us/j/85859800394?pwd=NidiDkkILLlMefov7X7gH5RcY7y7Xty.1

Конференция ID: 858 5980 0394
Қол жеткізу коды: 123