Бейжіңдегі «Абай оқулары»: Қазақ–Қытай мәдени диалогының алтын көпірі
Ұлы ойшыл, ақын және қазіргі қазақ әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбаевтың 180 жылдық мерейтойына орай дәстүрлі Абай оқулары Бейжіңдегі Чаоян саябағында орналасқан Цзиньтай өнер мұражайында өтті. Іс-шараға дипломаттар, мемлекеттік органдардың өкілдері, Қытайдың ғылыми және шығармашылық зиялылары, Қытайдағы қазақ диаспорасы, сондай-ақ қазақстандық және қытайлық БАҚ өкілдері қатысты. Қазақстанның Қытайдағы Елшісі Шахрат Нұрышев өз құттықтау сөзінде Абайдың […]



