НОВОЕ
на сайте

ҚЫТАЙ – ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ӨҢІРАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МЕХАНИЗМДЕРІН ДАМЫТУ

2023 жылғы 18–19 мамырда Сиань қаласында өткен алғашқы «Қытай – Орталық Азия» саммиті Еуразия кеңістігіндегі екі ірі өңірдің өзара байланысын жаңа деңгейге көтеріп, өңіраралық ынтымақтастық механизмдерінің қалыптасуына жол ашты. Бұл саммит «1+С5» форматындағы саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық серіктестіктің жаңа серпінін қалыптастырып, XXI ғасырдағы оның одан әрі ілгерілеуіне тың бағыттар айқындады. Қытай мен Орталық Азияның бес […]

АСТАНАДА «СЕНІҢ АРҚАҢДА ӘЛЕМ КӨРКЕМ – ГУАНЧЖОУ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОТОЖОБАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

2025 жылғы 10 сәуірде Астана қаласындағы «Шератон» қонақ үйінде «Сенің арқаңда әлем көркем – Гуанчжоу – 2025» халықаралық фотобайқауының таныстырылымы және ресми ашылу рәсімі өтті. Шара ағымдағы жылы Қытай мен Қазақстан арасындағы мәдени және гуманитарлық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған іс-шаралар сериясының бастауы болды. Іс-шара Гуанчжоу қаласы Халық үкіметінің Бұқаралық ақпарат бөлімінің бастамасымен өткізілді. Ұйымдастырушылар – Қытайдың […]

ІРГЕ ЖӘНЕ КӨРШІ ЕЛДЕРМЕН ЖАЛПЫ ТАҒДЫР ҚАУЫМДАСТЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ: ҚЫТАЙ ДИПЛОМАТИЯСЫНЫҢ ЖАҢА ПАРАДИГМАСЫ

Бейжіңде өткен Қытайдың көршілес елдермен жұмыс жүргізу жөніндегі орталық жиналысында Қытай Халық Республикасының Төрағасы, Қытай Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы және Орталық әскери кеңестің төрағасы Си Цзиньпин бағдарламалық сөз сөйледі. Ол өз сөзінде көршілес мемлекеттермен ортақ тағдыр қауымдастығын құруға шақырды. Қытай 14 мемлекетпен шекараласады, бұл көрсеткіш бойынша ол әлемдегі ең көп құрлықтық көршісі бар […]

АҚШ-ТЫҢ ҚАРЫМТА ТАРИФТЕРІ: ЖАҺАНДЫҚ ЭКОНОМИКАҒА ҚАРСЫ ҚАДАМ

2025 жылғы сәуір айында АҚШ Президенті Дональд Трамп бірқатар елдерден, соның ішінде Қытайдан импортталатын тауарларға қатысты жаңа «қарымта тарифтер» пакетін енгізетінін жариялады. Ақ үйдің мәлімдемесіне сәйкес, барлық импорттық тауарларға базалық мөлшерлеме 10% көлемінде белгіленді, алайда Қытай сияқты кейбір елдер үшін бұл мөлшерлеме 34%-ға дейін ұлғайтылды. Осыдан көп ұзамай Қытай симметриялы шаралар қабылдап, АҚШ өнімдеріне дәл […]

АШЫҚТЫҚ — СТРАТЕГИЯЛЫҚ ТАҢДАУ: ҚЫТАЙ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БИЗНЕСТІҢ СЕНІМІН НЫҒАЙТУДА

Соңғы жылдары халықаралық бизнес қауымдастығы Қытайдың даму бағытына ерекше назар аударып келеді. 2025 жылдың 28 наурызында ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Бейжіңде 40-тан астам жетекші трансұлттық корпорациялардың өкілдерімен кездесу өткізді. Бұл оқиға Қытайдың қазіргі экономикалық саясатын бағалау мен жаһандық тұрақсыздық жағдайында халықаралық ынтымақтастықтың болашағын қалыптастыру тұрғысынан маңызды кезең болды. Төрағаның сөйлеген сөзінде Қытай ашықтықтан бас тартпайтыны […]

ЕКІ СЕССИЯ – 2025: ҚЫТАЙ ЖАҺАНДЫҚ СЫН-ТЕГЕУРІНДЕРГЕ ҚАЛАЙ ЖАУАП БЕРЕДІ ЖӘНЕ БОЛАШАҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРАДЫ

Қытайдағы жыл сайынғы «екі сессия» – Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысының (БХӨЖ) және Қытай халықтық саяси консультативтік кеңесінің (ҚХСКК) отырыстары – елдің алдағы жылдағы саяси және экономикалық бағытын айқындайтын басты оқиғалар болып табылады. 2025 жылы бұл сессиялар стратегиялық бағдарламалардың аяқталуы мен қазіргі жаһандық жағдайды ескере отырып, ерекше маңызға ие болды.   2025 жылғы «екі сессия» аясында […]

ҚЫТАЙДЫ ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫ ҚХР ТӨРАҒАСЫ СИ ЦЗИНЬПИННІҢ КІТАПТАРЫН ҚХР-ДЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕЛШІЛІГІНЕН СЫЙҒА АЛДЫ

Қытайды зерттеу орталығы ҚХР-дың Қазақстандағы Елшілігіне ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің іргелі еңбектерін сыйға тартқаны үшін шынайы алғыс білдіреді. Бұл кітаптар Қытай саясатын, стратегиялық бастамаларды және жаһандық даму тұжырымдамасын терең зерттеу үшін құнды материал болып табылады.   Сыйға мына басылымдар берілді: -«Си Цзиньпин мемлекеттік басқару туралы» (I-IV томдар) – реформалар мен ашықтықтың рөлі, сондай-ақ жаңа дәуірдегі […]

ҚЫТАЙДЫҢ SPACESAIL СПУТНИКТІК КОМПАНИЯСЫ ҚАЗАҚСТАН НАРЫҒЫНА ШЫҒАДЫ

SpaceSail Қазақстан, Қытайдың SpaceSail International спутниктік корпорациясының еншілес компаниясы, ресми түрде «Астана» халықаралық қаржы орталығында (АХҚО) тіркелді. Компанияның жарғылық капиталы $17 млн құрайды. SpaceSail бұқаралық ақпарат құралдарында Илон Масктың Starlink спутниктік желісінің ықтимал бәсекелесі ретінде аталып жүр.   2024 жылы SpaceSail алғашқы 18 спутникті төмен орбитаға сәтті шығарды. Запустар тамыз, қазан және желтоқсан айларында Шаньси […]

Қытайды зерттеу орталығының директоры Г.Шаймергенова Қытай Халық Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісімен Хань Чуньлинмен кездестi.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан-Қытай ынтымақтастығын нығайтуға байланысты ауқымды мәселелерді талқылап, болашақтағы ықтимал ынтымақтастық бағыттарын белгіледі. Әсіресе, «Бір белдеу, бір жол» бастамасы аясындағы әріптестікті дамытуға, оның ішінде жасыл экономика, өңірлік байланыс, мәдениет және жастар ынтымақтастығы салаларындағы жобаларға ерекше назар аударылды.   Кездесуге қатысушылар екіжақты қарым-қатынастардың қазіргі жағдайы мен перспективалары туралы пікір алмасты. Елші Қытайды зерттеу орталығының […]

БЕЛДЕУ ЖӘНЕ ЖОЛ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АҚПАРАТТЫҚ СЕРІКТЕСТІГІ (BREIP) 2024 ЖЫЛЫ ТҰРАҚТЫ ДАМУ ҚАРҚЫНЫН КӨРСЕТТІ

«Бір белдеу, бір жол» экономикалық ақпараттық серіктестігі (BREIP) көпжақты экономикалық ақпараттық ынтымақтастық платформасы ретінде 2024 жылы жаңа қатысушыларды тартуда, өңірлік ынтымақтастық үшін ресурстарды үйлестіруде және «Бір белдеу, бір жол» бастамасының сапалы дамуын қолдауда тұрақты прогреске қол жеткізді.    «Синьхуа» ақпарат агенттігі 2019 жылы бастаған Белдеу және жол экономикалық ақпараттық серіктестігі (BREIP) 2024 жылы көпжақты экономикалық […]