ҚАЗАҚСТАН МЕН ҚЫТАЙ 3,7 МИЛЛИАРД ДОЛЛАРҒА ҚҰЖАТТАРҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ
Қазақстан-Қытай дөңгелек үстелі аясында «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ қолдауымен 3,7 миллиард доллардан астам сомаға 44 құжатқа қол қойылды. Келісімдер энергетика, машина жасау және өңдеу, көлік және логистика, сондай-ақ сауда сияқты салаларда бірлескен жобаларды дамытуға бағытталған. Қол қоюлар Қазақстан мен Қытай арасындағы әріптестіктің нығая түскенін, инвестиция тартуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға көмектесетінін көрсетеді. […]