Қытай – Орталық Азия форматындағы Қытайдың рөлі: «Қытай – Орталық Азия» механизмі аймақтық үдерістерде қандай құрылымдық рөл атқара алады
Халықаралық қатынастардың жаһандық трансформациясы жағдайында Орталық Азия жетекші державалардың назарында тұр. Батыстың жаһандық ықпалының әлсіреуі, геоэкономикалық басымдықтардың өзгеруі және көршілес аймақтардағы тұрақсыздықтың артуы Орталық Азия елдеріне жаңа сыртқы саяси тіректер мен ынтымақтастық форматтарын іздеуді өзекті етті. Осы тұрғыда дәстүрлі институттардың белсенділігі төмендеген кезеңде дербес дипломатиялық механизм ретінде қалыптасқан «Қытай – Орталық Азия» (C+C5) форматы ерекше […]